"Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым": Си Цзиньпин Тоқаевқа көңіл айтты

© МЧС Республики Казахстан / Медиабанкке өтуКрушение самолета в Актау
Крушение самолета в  Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Жазылу
Ол Қытай үкіметі мен халқының атынан Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды.
38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.
Крушение самолета близ Актау: на месте происшествия продолжаются работы по разбору конструкций самолета. - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Azerbaijan Airlines ұшақ апатынан көз жұмғандардың отбасына қанша өтемақы төлейді
Жаңалықтар
0