Қысқы Азия ойындары: Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды

ІХ зимние Азиатские игры - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Жазылу
Форма заманауи технологиялармен жасалған жоғары сапалы материалдардан дайындалған
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың 2025 жылғы IX Қысқы Азия ойындарында киетін ресми спорттық формасын таныстырды.
© Photo : Туризм және спорт министрлігі Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
Жаңа форма халықаралық стандарттарға сай әзірленіп, ұлттық талаптар толық ескерілді. Негізгі түстер – қою көк пен ашық көк. Бұл түстер тұрақтылықты, тәуелсіздікті және жаңа белестерге ұмтылысты бейнелейді. Ақ түсті элементтер тазалықты және спорттағы әділдік қағидаттарын айқындайды.
© Photo : Туризм және спорт министрлігі Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
"Дизайн мемлекеттік рәміздермен: елтаңба және тумен толықтырылған. Сонымен қатар формада QAZAQSTAN жазуы, 2025 жылғы IX Қысқы Азия ойындарының логотипі және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің эмблемасы бар", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
© Photo : Туризм және спорт министрлігі Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
Спортшылардың жайлылығы үшін табиғи термореттеу қасиетіне ие маталар қолданылды. Сыртқы киім табиғи мамықпен жылытып, жеңіл әрі жылуды сақтайтын етіп жасалған. Спорттық костюмдерде суық жағдайларда да жылу сақтайтын жоғары технологиялық флис пайдаланылды.
© Photo : Туризм және спорт министрлігі Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
Форма жиынтығына жылы куртка, желден қорғайтын костюм, жилет, спорттық және жаттығу киімдері, футболка, шорты, бас киімдер, спорттық аяқ киім және әртүрлі аксессуарлар кіреді.
© Photo : Туризм және спорт министрлігі Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық формасы
Ақ Азиада 2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді. Оған 32 елден 1147 спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасы аясында 6 спорт түрі және 11 дисциплина бойынша 196 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Жаңалықтар
0