https://sputnik.kz/20241227/mangystauda-qaytys-bolgan-munayshyga-qatysty-tergeu-zhurip-zhatyr-49601696.html
Маңғыстауда қайтыс болған мұнайшыға қатысты тергеу жүріп жатыр
Маңғыстауда қайтыс болған мұнайшыға қатысты тергеу жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Buzachi Operating Ltd компаниясының 4-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы Досан Ахметов созылмалы жүрек-қан... 27.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-27T13:34+0500
2024-12-27T13:34+0500
2024-12-27T13:34+0500
маңғыстау облысы
жұмысшы
https://sputnik.kz/img/09/81/098143_0:0:3115:1753_1920x0_80_0_0_39980fb9fbe1e7508706ec148c41c805.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Buzachi Operating Ltd компаниясының 4-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы Досан Ахметов созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруымен ауырған болуы мүмкін.Бұл туралы Sputnik тілшісіне Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының дереккөздері хабарлады.Аптаның басында Солтүстік Бозашы кен орнындағы жазатайым оқиға туралы Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Нұралы Баулыбаев облыстық әкімшіліктегі жиналыста хабарлады.Кен орнына барған жұмыс тобының мүшелері оқиға орнын тексерді. Сондай-ақ еңбек инспекциясының сарапшылары іргелес аумақты зерттеді.Оқиға кезінде жақын жерде болған төрт куәгер сұралды, олардың айғақтары тергеу хаттамасында тіркелді. Жұмыс орнының техникалық құжаттамасы зерттелді. Оқиғаның себептері нақтыланады.Жұмысшының қаза болу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сонымен қатар тергеу барысында жаңа фактілер пайда болды. Еңбек инспекциясының қызметкерлері өлімнің себебі созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуы болуы мүмкін деген болжам жасады. Марқұмның өліміне ұңғымадан шыққан газ себеп болған жоқ. Өйткені бұл уақытта кен орнындағы зиянды заттардың шоғырлануы бекітілген нормалар шегінде болды, деп атап өтті сарапшылар.
https://sputnik.kz/20241223/mangystau-atom-energetika-kombinatynda-zhumysshy-qaza-tapty-49491126.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/09/81/098143_7:0:2738:2048_1920x0_80_0_0_553596eb3bf6ad2274bbbc38655db86c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, жұмысшы
маңғыстау облысы, жұмысшы
Маңғыстауда қайтыс болған мұнайшыға қатысты тергеу жүріп жатыр
АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Buzachi Operating Ltd компаниясының 4-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы Досан Ахметов созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруымен ауырған болуы мүмкін.
Бұл туралы Sputnik тілшісіне Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының дереккөздері хабарлады.
Аптаның басында Солтүстік Бозашы кен орнындағы жазатайым оқиға туралы Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Нұралы Баулыбаев облыстық әкімшіліктегі жиналыста хабарлады.
"4-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор 1988 жылы туған Досан Ахметов қайтыс болды. GPS-те оның сағат 09:53-те айналма жолды орындау үшін объектіге келгені көрінген. Сағат 11:15-те оның мәйіті табылды. 25 желтоқсанда таңертең жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия оқиға орнына барды", - деді Нұралы Баулыбаев.
Кен орнына барған жұмыс тобының мүшелері оқиға орнын тексерді. Сондай-ақ еңбек инспекциясының сарапшылары іргелес аумақты зерттеді.
Оқиға кезінде жақын жерде болған төрт куәгер сұралды, олардың айғақтары тергеу хаттамасында тіркелді. Жұмыс орнының техникалық құжаттамасы зерттелді. Оқиғаның себептері нақтыланады.
Жұмысшының қаза болу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар тергеу барысында жаңа фактілер пайда болды. Еңбек инспекциясының қызметкерлері өлімнің себебі созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуы болуы мүмкін деген болжам жасады. Марқұмның өліміне ұңғымадан шыққан газ себеп болған жоқ. Өйткені бұл уақытта кен орнындағы зиянды заттардың шоғырлануы бекітілген нормалар шегінде болды, деп атап өтті сарапшылар.