Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшақ апатының себебін атады

© Photo : Azerbaijan Airlines Azerbaijan Airlines
Azerbaijan Airlines  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына сыртқы әсер себеп болған
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. AZAL әуе компаниясы Ақтау маңындағы ұшақ апатына "физикалық және техникалық сыртқы әсер" себеп болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Azerbaijan Airlines баспасөз қызметі хабарлады.
Компания сарапшыларының пікірінше, J2-8243 Баку – Грозный рейсін орындаған Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауының алдын ала себебі "физикалық және техникалық сыртқы әсер" болған.
Шешім "Әзербайжанның мемлекеттік азаматтық авиация агенттігімен келісім жасау арқылы" қабылданған.
Сондай-ақ Azerbaijan Airlines Ресейдің бірқатар қаласына – Минводы, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Грозный және Махачкалаға рейсті тоқтатқаны айтылды. Шешім Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауын алдын ала тергеу нәтижесі мен ұшу қауіпсіздігінде туындауы мүмкін тәуекелдерді ескере отырып" қабылданды.
Әуе компаниясы Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань, Екатеринбург және Новосибирск қалаларына ұшуды жалғастырады.
Крушение самолета близ Актау: на месте происшествия продолжаются работы по разбору конструкций самолета. - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Көлік министрлігі ұшақтағы оттегі баллоны жарылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Жаңалықтар
0