Әлиев Тоқаевқа телефон шалды

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев
Касым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Жазылу
Тараптар Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу барысы туралы пікір алмасты
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон шалды. Бұл туралы Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшылары әзербайжандықтар мен қазақстандықтардың ұшақ апатынан қаза болуына байланысты бір-біріне, сондай-ақ қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
"Президент Ильхам Әлиев, ең алдымен, құтқару жұмыстарын жүргізгені үшін Қазақстан президентіне жеке алғысын білдірді. Әзербайжан басшысы шұғыл шараларды қабылдап, зардап шеккен жолаушыларды құтқаруға белсенді қатысқан қазақстандық құтқарушылардың жұмысын жоғары бағалады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Әзербайжан президенті Қазақстанның медицина қызметкерлеріне зардап шеккендерге кәсіби медициналық қызмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Жараланғандардың көпшілігі қазірдің өзінде отанына оралғанын хабарлады.
Сонымен қатар Әзірбайжан басшысы қарапайым қазақстандықтардың көрсеткен қолдауын да ерекше атап өтті.
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатын тексеру үшін дереу арнайы комиссия құрылғанын, "Эмбраер" компаниясының өкілдері Қазақстанға келіп, тергеуге белсенді түрде қатысып жатқанын айтты.
Телефон арқылы сөйлесу барысында тараптар тергеудің барысы туралы пікір алмасып, оқиғаның себебі тергеу нәтижесі бойынша толық анықталатынына сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.
Крушение самолета близ Актау: на месте происшествия продолжаются работы по разбору конструкций самолета. - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Көлік министрлігі ұшақтағы оттегі баллоны жарылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Жаңалықтар
0