https://sputnik.kz/20241226/ushaq-apatynan-zardap-shekken-azirbayzhandyq-14-azamat-elderine-oraldy-49583148.html
Ұшақ апатынан зардап шеккен әзербайжандық 14 азамат елдеріне оралды
Ұшақ апатынан зардап шеккен әзербайжандық 14 азамат елдеріне оралды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстаулықтар Әзербайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салды 26.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-26T20:45+0500
2024-12-26T20:45+0500
2024-12-26T21:05+0500
ұшақ апаты
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1a/49582860_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_d6b4bb71f24dcbdd1ba9fc7a385f8112.jpg
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстаулықтар Әзербайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салдыҰшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзербайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Оның ішінде аман қалған екі бортсерік пен бір бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды.Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты.Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа. Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
https://sputnik.kz/20241226/aqtaudagy-ushaq-apaty-zardap-shekken-14-adam-arnayy-bortpen-azerbayzhanga-oralady-49581754.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1a/49582860_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_1232f2e87557851b6791f073edf9d1ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ апаты, ақтау
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстаулықтар Әзербайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салды
Ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзербайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде аман қалған екі бортсерік пен бір бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды.
Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты.
Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.
Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа. Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.