https://sputnik.kz/20241226/sankt-peterburgte-zhogary-euraziyalyq-ekonomikalyq-kenes-otyrysy-otedi-49573158.html
Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді
Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді
Sputnik Қазақстан
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 20-ға жуық құжатқа қол қояды деп жоспарлануда 26.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-26T12:29+0500
2024-12-26T12:29+0500
2024-12-26T12:29+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42162992_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_0a7795df9434933aaf119fe5d80e4593.jpg
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 20-ға жуық құжатқа қол қояды деп жоспарланып отыр.Отырыстың күн тәртібі туралы бұған дейін Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков айтқан болатын."Алдағы отырыс барысында Жоғарғы кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің өзекті мәселелерін, интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету келешегін талқылайды. Одақтың ішкі нарығындағы кедергілер мен шектеулерді жою, қаржы секторындағы заңнаманы үйлестіру, қызмет көрсетудің бірыңғай нарығын ырықтандыру деңгейін арттыру бойынша жұмыс барысын қарастырады", - деді ол.Сонымен қатар, отырыста басшылар ЕАЭО халықаралық қызметінің 2025 жылға арналған негізгі бағыттарын және ұйымның бюджетін бекітеді, деді Ресей президентінің көмекшісі. Ол 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО төрағасының рөлі Армениядан Беларуське өтетінін еске салды."Сонымен қатар осы кездесуде Беларусь президенті 2025 жылға арналған президенттік қызметінің басымдықтарын белгілейді деп күтілуде", - деп түсіндірді Ушаков.Ол кездесудің бірінші бөлігі шектеулі құрамда өтетінін, онда басшылар жабық есік жағдайында кейбір маңызды мәселелерді талқылайтынын айтты. Одан кейін саммит кеңейтілген құрамда жалғасады, бұл бөлімде ЕАЭО-ның барлық жетекшісі мен екі бақылаушы мемлекет басшылары БАҚ алдында сөз сөйлейді."Сөйлеген сөздерден кейін құжаттарға қол қойылады, олардың саны жиырма шақты", - деді Ушаков.Ол ЕАЭО басшылары Иранға одақта бақылаушы мәртебесін беретін құжаттарға да қол қоятынын түсіндірді.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жоғары органы болып саналады.Кеңес құрамына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары немесе мүше мемлекеттердің үкімет басшылары (олардың мемлекетінің заңнамасына сәйкес) кіреді.
https://sputnik.kz/20241224/eaeo-zhane-tmd-koshbasshylary-kezdesuinin-kun-tartibi-belgili-boldy-49519382.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42162992_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_83d77a22d837dd9f1356b36870e8a245.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 20-ға жуық құжатқа қол қояды деп жоспарлануда
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 20-ға жуық құжатқа қол қояды деп жоспарланып отыр.
Отырыстың күн тәртібі туралы бұған дейін Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков айтқан болатын.
"Алдағы отырыс барысында Жоғарғы кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің өзекті мәселелерін, интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету келешегін талқылайды. Одақтың ішкі нарығындағы кедергілер мен шектеулерді жою, қаржы секторындағы заңнаманы үйлестіру, қызмет көрсетудің бірыңғай нарығын ырықтандыру деңгейін арттыру бойынша жұмыс барысын қарастырады", - деді ол.
Сонымен қатар, отырыста басшылар ЕАЭО халықаралық қызметінің 2025 жылға арналған негізгі бағыттарын және ұйымның бюджетін бекітеді, деді Ресей президентінің көмекшісі. Ол 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО төрағасының рөлі Армениядан Беларуське өтетінін еске салды.
"Сонымен қатар осы кездесуде Беларусь президенті 2025 жылға арналған президенттік қызметінің басымдықтарын белгілейді деп күтілуде", - деп түсіндірді Ушаков.
Ол кездесудің бірінші бөлігі шектеулі құрамда өтетінін, онда басшылар жабық есік жағдайында кейбір маңызды мәселелерді талқылайтынын айтты. Одан кейін саммит кеңейтілген құрамда жалғасады, бұл бөлімде ЕАЭО-ның барлық жетекшісі мен екі бақылаушы мемлекет басшылары БАҚ алдында сөз сөйлейді.
"Сөйлеген сөздерден кейін құжаттарға қол қойылады, олардың саны жиырма шақты", - деді Ушаков.
Ол ЕАЭО басшылары Иранға одақта бақылаушы мәртебесін беретін құжаттарға да қол қоятынын түсіндірді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жоғары органы болып саналады.
Кеңес құрамына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары немесе мүше мемлекеттердің үкімет басшылары (олардың мемлекетінің заңнамасына сәйкес) кіреді.