https://sputnik.kz/20241226/qaragandyda-politsiya-qyzmetkerleri-sottaldy-49579276.html
Қарағандыда полиция қызметкерлері сотталды
Қарағандыда полиция қызметкерлері сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан - Sputnik. Қарағандыда күдіктіні азаптады деп айып тағылған екі полиция сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратура. 26.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-26T17:01+0500
2024-12-26T17:01+0500
2024-12-26T17:01+0500
қарағанды облысы
сот отырысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан - Sputnik. Қарағандыда күдіктіні азаптады деп айып тағылған екі полиция сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратура. Қарағанды облыстық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасында қызмет еткен полиция қызметкерлерінің куәгерді азаптау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді. Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. "Сотталғандар "полиция капитаны" арнайы атақтарынан айырылды. Оларға жәбірленушілердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды", - дейді Бас прокуратура.
https://sputnik.kz/20241016/batys-qazaqstanda-politsiya-qyzmetkeri-traktormen-adam-qagyp-ketti-47886967.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, сот отырысы
қарағанды облысы, сот отырысы
Қарағандыда полиция қызметкерлері сотталды
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан - Sputnik. Қарағандыда күдіктіні азаптады деп айып тағылған екі полиция сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қарағанды облыстық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасында қызмет еткен полиция қызметкерлерінің куәгерді азаптау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді.
"Полиция жәбірленген күдіктіні басқа тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырған. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген", - дейді ведомство.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.
"Сотталғандар "полиция капитаны" арнайы атақтарынан айырылды. Оларға жәбірленушілердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды", - дейді Бас прокуратура.