https://sputnik.kz/20241226/memlekettik-qyzmetkerler-ushin-qatan-zhazalau-sharasy-alynyp-tastalady-49569452.html
Мемлекеттік қызметшілер үшін қатаң жазалау шарасы алынып тасталады
Мемлекеттік қызметшілер үшін қатаң жазалау шарасы алынып тасталады
Sputnik Қазақстан
Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер екі жылдан кейін ғана жұмысқа тұра алады 26.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-26T11:31+0500
2024-12-26T11:31+0500
2024-12-26T11:40+0500
мемлекеттік қызметші
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілетін өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың мемлекеттік қызметтегі лауазымдарға орналасуына өмір бойына тыйым салынған болатын. Жаңа заңға сәйкес, оны алып тастайды, шектеу мерзімдері енгізіледі.Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтың айтуынша, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер екі жылдан кейін ғана жұмысқа тұра алады.Оның сөзінше, теріс қылығы үшін алдымен екі жылдық шектеу қолданылады. Ал ондай тәртіп бұзушылық екінші рет қайталанса, үш жылдық шектеу қосылады.Бұдан бөлек, заңда өкілеттігін тоқтатқан судьяларға өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін қандай да бір уақытша шектеусіз бірден мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі беріледі.
https://sputnik.kz/20241002/memlekettik-qyzmetshilerge-tenestirilgen-tulgalar-kasipkerlikpen-aynalysa-alady-47489135.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік қызметші
Мемлекеттік қызметшілер үшін қатаң жазалау шарасы алынып тасталады
11:31 26.12.2024 (жаңартылды: 11:40 26.12.2024) Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер екі жылдан кейін ғана жұмысқа тұра алады
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілетін өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың мемлекеттік қызметтегі лауазымдарға орналасуына өмір бойына тыйым салынған болатын. Жаңа заңға сәйкес, оны алып тастайды, шектеу мерзімдері енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтың айтуынша, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер екі жылдан кейін ғана жұмысқа тұра алады.
"Теріс қылық үшін жұмыстан босатылған азаматтар басшылық қызметке келемін десе, екі жылдан бөлек үш жылдық шектеу мерзімі көзделген. Осылайша, жалпы шектеу мерзімі бес жылды құрайды",-деді Мүксімов сенаттың бүгінгі отырысында.
Оның сөзінше, теріс қылығы үшін алдымен екі жылдық шектеу қолданылады. Ал ондай тәртіп бұзушылық екінші рет қайталанса, үш жылдық шектеу қосылады.
Бұдан бөлек, заңда өкілеттігін тоқтатқан судьяларға өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін қандай да бір уақытша шектеусіз бірден мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі беріледі.