Alibaba, Apple мен Google Қазақстанға қанша салық төледі

© AFP 2024 / LEON NEALЛоготип американской технологической компании и поисковой системы Google отображается на экранах смартфона
Логотип американской технологической компании и поисковой системы Google отображается на экранах смартфона - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті үш жылдың ішінде "Google салығынан" бюджетке түскен қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2022 жылдан бастап Қазақстанда тіркелген шетелдік интернет-компаниялары қосылған құн салығын төлеп келеді. Оны "Google салығы" деп атап кетті.
"Бүгінгі таңда 98 шетелдік ұйым тіркелген, олардың арасында Alibaba, Aliexpress, Apple Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo, Temu және басқа да ірі ойыншылар бар. Төленген салықтардың жалпы сомасы 70,0 миллиард теңгеден асты", - делінген комитеттің ресми хабарламасында.
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметін бақылауды күшейту мақсатында Салық кодексіге қосымша өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, шетелдік компания тіркелу жөніндегі міндеттемелерін орындамаса, оның Қазақстан аумағындағы қызметін бұғаттауға дейінгі шаралар қарастырылған.
Осылайша, "Google салығы" ұлттық экономиканың мүддесін қорғауға және нарықтың барлық қатысушыларына әділ жағдай жасауға жағдай жасап отыр.
Мобильный перевод - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2024
"Аударымдарға салық салынбайды": Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0