Спорт

"Спортты дамыту дирекциясының" басшылығына қатысты тергеу аяқталды

© Sputnik / Рамиль СитдиковПапки с документами, архивное фото
Папки с документами, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
Олар 584 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.
"Олар кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, спорт жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ туроператорлармен жоғары құны бойынша шарттар жасасу арқылы 584 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Антикор.
Сонымен қатар РМҚК директоры жеке компанияның директоры болып тұрғанда, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161,9 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Заседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Футбол клубтарына бөлінетін қаржы 2,2 млрд теңгеге қысқартылды
Жаңалықтар
0