Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
Зейнеткер сауда үйлерінің бірінен тауар сатып алғаннан кейін шотынан 750 мың теңгенің жоғалғанын байқаған
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында сауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
24 желтоқсанда Степногорск қаласының полиция басқармасына 66 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Зейнеткердің айтуынша, 20 желтоқсан күні ол қаладағы сауда үйлерінің бірінен тауар сатып алғаннан кейін шотынан 750 мың теңгенің жоғалғанын байқаған.
Алдын ала тергеу нәтижесінде анықталғандай, тауар таңдау барысында жәбірленуші дүкен кеңесшісінен кредит арқылы сатып алуды рәсімдеуге көмек сұраған. Құжаттарды рәсімдеу кезінде кеңесші оның сенімін теріс пайдаланып, зейнеткердің шотындағы ақшаны өз есепшотына аударып алған.
Аталған факт бойынша полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2023
Өңірлер
Қостанайлық таксист зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды
Жаңалықтар
0