Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украина қақтығысы бойынша уақытша бітімге көнбейді – Лавров

© Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуЗаседание Делового совета при МИД России под председательством С. Лаврова по тематике БРИКС
Заседание Делового совета при МИД России под председательством С. Лаврова по тематике БРИКС - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ресей Украинадағы қақтығыс бойынша уақытша бітімге келіспейді, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Россия 1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасына берген сұхбатында.
"Уақытша бітімге көнбейміз. Бізге қақтығыстың негізгі себептерін, соның ішінде Еуропадағы ортақ қауіпсіздікті, НАТО-ның кеңеюін және Ресеймен қайта бірігуді жақтаған аумақтарда тұратын адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған сенімді, заңды түрде міндеттелген келісімдер қажет", - деді ол.
Лавров Владимир Зеленский тыйым салған тілдік және діни құқықтарды сақтау талабы бүкіл Украинаға қатысты болуы керек екенін айтты.
Лавров "бүгінде Батыс пен Украина уақыт ұту үшін уақытша бітім туралы айтып жатыр" деді.
"Уақытша бітім Киев режиміне Батыстың көмегімен қайтадан күш жинап, Ресейді стратегиялық жеңіліске ұшырату туралы нұсқауларды орындауға мүмкіндік алу үшін керек болып тұр", - деді СІМ басшысы.
Ол Ресей президенті Владимир Путиннің бұл туралы бірнеше рет айтқанын еске салды.
Жаңалықтар
0