Путин Ақтауға Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағын жіберді

© РИА НовостиВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ақтауға медициналық қызметпен жарақталған Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағын жіберді, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
Путин ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуінде Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге көңіл айтты.
"Қазақстан президентінің келісімімен Ақтауға медициналық персоналы бар және қажетті қосымша жабдықтар тиелген Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы ұшады", - деді Владимир Путин.
Ол қайғылы оқиға егжей-текжейлі текерілетінін айтты.
Еске сала кетейік, бүгін Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж болған. Жаңартылған мәлімет бойынша 32 адам апаттан аман қалған. Көп адамның қаза табуына байланысты 26 желтоқсанда Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды.
Жаңалықтар
0