Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға сақ болуды ескертті

© Photo : Pixabay / Shutterbug75Калькулятор, расчеты
Калькулятор, расчеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 желтоқсан - Sputnik. Интернет алаяқтар тұрғындарға салық органдарының атынан хабарласып жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-алаяқтардан сақ болуды ескертті.
"Бүгінгі күні интернет-алаяқтар салық төлеушілердің электрондық мекенжайларына немесе әлеуметтік желілеріне "банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу бұзушылықтарын жою туралы ескерту" деген тақырыппен жалған хабарламалар жіберуді жалғастыруда. Мемлекеттік кірістер органдары жасайтын барлық хабарламалар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілетінін еске саламыз. Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарламалардың нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады", - деп атап өтті комитет.
Сондай-ақ комитет азаматтарға барлық хабарламалар тек "салық төлеушінің кабинетіне", "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіне және "e-Salyq" мобильдік қосымшаларына жіберілетінін еске салады.
"Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КНП, ЭҮП немесе ESA, ESB-де көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына салық төлеуші кабинеті немесе электрондық үкімет порталы арқылы дербес сұратады", - деп хабарлады комитет.
Сондықтан комитет қырағылық танытып, жалған хабарламаларға сенбеуді, ақша аудармауды, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруді ескертті. Сондай-ақ ведомство ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына хабарлама жіберілмейтінін айтты.
Клавиатура - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2024
Екі жылда интернет-алаяқтық істерінің саны 270%-ға өсті – Жоғарғы сот
Жаңалықтар
0