Баку-Грозный рейсі апатқа ұшырады: Қазақстанда қылмыстық іс қозғалды

© Photo : Пресс-служба МВД РКВидеомониторинг МВД РК
Видеомониторинг МВД РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Оқиға орнына ІІМ, көліктегі полиция басқармасы мен Бас көлік прокуратурасының басшылығы, жедел-тергеу тобы дереу аттанды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ведомстводан.
Сонымен қатар, Бас прокуратураның хабарлауынша, Ақтау қаласының маңында Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауынан кейін арнайы прокурорлардың жетекшілігімен құрамына көлік саласының тәжірибелі қызметкерлері кіретін ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылған. Оған прокуратура, ішкі істер министрлігі және төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары кірді.
Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ақтаудағы ұшақ құлаған жерге Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техника жетті. Ұшақ бортында Ресей және Қазақстан азаматтары да бар.
Денсаулық сақтау министрлігі 28 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Azerbaijan Airlines Баку-Грозный рейсімен ұшқан жолаушылардың тізімін жариялады
Жаңалықтар
0