Бүгін, 25 желтоқсанда Батыс Қазақстандағы Ақтау қаласының маңында Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Бортта барлығы 69 адам, оның ішінде... 25.12.2024, Sputnik Қазақстан
Бүгін, 25 желтоқсанда Батыс Қазақстандағы Ақтау қаласының маңында Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Бортта барлығы 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Бір ғажаппен апат 32 адам апаттан аман қалды
Қайғылы жағдай орны мен оқиғаның өрбу барысы туралы суреттерді топтамадан көріңіздер.
Бүгін, 2024 жылдың 25 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ақтау әуежайының диспетчерінен "Баку-Грозный" бағыты бойынша ұшып келе жатқан Әзербайжан әуе компаниясының Embraer 190AR ұшағы апатты жағдай жариялап, Ақтау әуежайында қонуды сұрағаны туралы ақпарат келіп түсті. Болжамды қону уақыты 11:25 деп белгіленді.
Сағат 11:30-да әуежайдан үш шақырым жерде ұшақтың құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Осыған байланысты жоғарғы ранг бойынша төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Қолбасшылық орталығының базасында республикалық штаб құрылды, оның құрамына Ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, көлік министрлігі, Ұлттық ұлан, сыртқы істер министрлігі және басқа да ведомстволардың өкілдері кірді.
Қазақстан министрлер кабинетінің қаулысымен Ақтау әуежайының маңында Az Airlines Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру үшін үкіметтік комиссиясы құрылды.
Тірі қалғандар тізімінде 32 адамның аты-жөні бар: олардың арасында Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан азаматтары, Германиядан келген бір адам (азаматтығы белгісіз) м, тағы екеуінің азаматтығы белгісіз.
Оқиға туралы өзекті ақпаратты алу үшін сенім телефондары жұмыс істеп тұр: Астана қаласының Қолбасшылық орталығында: 8-7172-55-96-21, 55-96-83 . Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінде: 8-7292-31-90-91. Қазіргі уақытта сенім телефонына барлығы 272 қоңырау түскен.