Қостанай облысындағы тау-кен байыту комбинатында жұмысшы көз жұмды

© Photo : ERGВагоноопрокидыватель
Вагоноопрокидыватель - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысы тау-кен байыту комбинатындағы цехта жұмысшы көз жұмды.
Қайғылы оқиға "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ Кен дайындау және байыту цехында болды. Компания оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Слесарь-жөндеуші вагон аударғышты жөндеу кезінде жарақат алды. Марқұмның ұжымы мен басшылығы отбасына көңіл айтады. Оларға қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға фактісі бойынша тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады кәсіпорын.

Өндірісте жазатайым оқиға бір аптаның ішінде осымен екінші рет болып отыр. Айта кетері, Маңғыстау атом энергия комбинатында бір күн бұрын жұмысшы қаза тапты.
Жылу электр станциясының қазандық турбиналық цехында 38 жастағы жұмысшының үстіне құбыр құлап кетті. Өңірдің полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сараптама жасалды, тергеу жүргізілуде.
Жаңалықтар
0