Қорғаныс министрі самбо федерациясының президенті болып сайланды

© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаРуслан Жаксылыков избран на пост президента Федерации спортивного и боевого самбо
Руслан Жаксылыков избран на пост президента Федерации спортивного и боевого самбо - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Руслан Жақсылықов спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып сайланды. Сайлау Астанада федерацияның кезектен тыс отырысында өтті.
Қорғаныс министрінің кандидатурасына федерацияның барлық мүшесі бірауыздан дауыс берді. Оған дейін бұл қызметте Айдос Ақжанов болды.
Қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысы Руслан Жақсылықов - дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.
"Федерация мүшелеріне нәтижелі жұмысы мен маған көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Спорттық және жауынгерлік самбоны әскери және құқық қорғау қызметінде жеке құрамды даярлау жүйесіне енгізу жоспарлануда. Біз спорттың осы түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқаруымыз керек", - деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Федерацияның жаңа президенті болашақтағы жоспары туралы айтты.
"2025 жылы самбо ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Достық армияларының әскери – спорттық ойындарының бағдарламасына және Қазақстан қарулы күштерінің спартакиадасына енгізіледі. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу желісі бойынша дамыту үшін іс-шаралар кешені жоспарланған. Қорғаныс министрінің кубогына самбодан ашық республикалық турнир өтеді. Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы әскери-спорт колледжінде самбо бөлімшесін ашу жоспарда бар, онда көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, әскери қызметшілер мен ауыл жастарына жеңілдік беріледі. Жаппай даму мақсатында қарулы күштер қатарына жауынгерлік самбо бойынша маман-нұсқаушыларды шақырамыз", - деді федерация президенті.
Бүгінгі таңда самбо бойынша 1100-ден астам секцияда қырық мыңнан астам адам айналысады.
Жаңалықтар
0