Қазақстан мен Ресей газ импорттауға қатысты барлық дерлік мәселені шешті – Сәтқалиев

Газопровод  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Ресей елге ресейлік газды жеткізу мүмкіндігіне қатысты барлық дерлік мәселені шешті, деп хабарлады энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
"Келіссөз жалғасып жатыр. Тиісті техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. "Қазақгаз" компаниясы өз әріптестерімен, "Газпроммен" тұрақты байланыста. Негізінде Ресей газын Қазақстанға импорттауға қатысты барлық дерлік мәселе шешілді", - деді Сәтқалиев брифингте.
Сондай-ақ энергетика министрі Қазақстанның солтүстік өңірлерін газдандыруға Қазақстан аумағы арқылы Қытайға экспорттық ресейлік газ құбырын салу жобасы пайдаланылуы мүмкін екенін айтты.
"Қазақстан бұл жобаны толығымен қолдайды, бұл жоба солтүстік өңірлерді газдандыруға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің солтүстігіндегі тұтынушыларымызға газ жеткізу сценарийлерінің бірі", - деп атап өтті министр.
Ол газ құбырларын салуда техникалық шешімдердің екі сценарийі бар екенін айтты, ол – ресейлік көздер есебінен газдандыру немесе "Сарыарқа" газ құбырын жалғастыру.
Оның айтуынша, әзірленіп жатқан техникалық-экономикалық негіздеменің мәні – осы екі нұсқаны салыстыру, содан кейін оңтайлы шешім қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, қараша айында Ресей вице-премьері Александр Новак Ресей мен Қытай Қазақстан арқылы 35 миллиард текше метрге жаңа газ бағытын қарастырып жатқанын хабарлады.
Жаңалықтар
0