https://sputnik.kz/20241224/qazaqstan-armeniyaga-shoshqa-etin-eksporttay-bastady-49516336.html
Қазақстан Арменияға шошқа етін экспорттай бастады
Қазақстан Арменияға шошқа етін экспорттай бастады
Sputnik Қазақстан
Армения мен Грузия ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін мәлімдеген 24.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-24T21:35+0500
2024-12-24T21:35+0500
2024-12-24T21:35+0500
доңыз
ет
армения
https://sputnik.kz/img/752/65/7526559_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_308f4ee65cd8a7258dd71203b9977924.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстандық EMC Agro компаниясы алғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа етін Ереванға экспорттады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.Бұған дейін кәсіпорынның өнімдері тек Қазақстанда сатылып келген."Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөз жүргіздік. Жақын күндері бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі.Мұны Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады, өйткені біз үшін бұл нарық енді ғана ашылуда. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін білдірді", - дейді компания өкілдері.Айта кетері, бұл кәсіпорын ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Егер аталған екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылса, өнімімнің 50%-ы шетелге жіберуге мүмкіндік бар.Осыған байланысты компания Қытай Бас кеден басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне енуге әрекет жасап жатыр.
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/752/65/7526559_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_0d0787a41053a453c25e99c174e3dc94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доңыз, ет, армения
Қазақстан Арменияға шошқа етін экспорттай бастады
Армения мен Грузия ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін мәлімдеген
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстандық EMC Agro компаниясы алғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа етін Ереванға экспорттады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін кәсіпорынның өнімдері тек Қазақстанда сатылып келген.
"Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөз жүргіздік. Жақын күндері бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі.Мұны Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады, өйткені біз үшін бұл нарық енді ғана ашылуда. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін білдірді", - дейді компания өкілдері.
Айта кетері, бұл кәсіпорын ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Егер аталған екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылса, өнімімнің 50%-ы шетелге жіберуге мүмкіндік бар.
"Жалпы, EMC Agro әлемдегі ең ірі шошқа етін тұтынушы Қытаймен ынтымақтастық орнатуды қарастыруда. Биылғы жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro өнеркәсіп кешеніне барып, өндірісті тексергеннен кейін, жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты компания Қытай Бас кеден басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне енуге әрекет жасап жатыр.