Қарағандыда кибералаяқтықпен айналысты деген күдікті ұсталды

© REUTERS / Kacper PempelКибер-шабуыл
Кибер-шабуыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Жазылу
Күдіктінің жалдамалы пәтерінен 2100-ден астам sim-карта, екі ноутбук, екі мобильді телефон, планшет табылды
АСТАНА, 24 желтоқсан - Sputnik. Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді. Күдіктіден 2000-нан астам sim-карта тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен Қарағанды облысы полиция департаменті жақын шет елдердің бірінің 22 жастағы азаматын ұстады.
"Оған ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодтарын заңсыз өзгертіп, азаматтарды алдау мақсатында пайдаланған деген айып тағылуда. Тінту барысында дыбыс күшейткіш ретінде жасырылған арнайы құрал-жабдық тәркіленді", - дейді ведомство.
Бұл құрал банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері атынан қоңырау шалып, алдау және алаяқтық әрекеттер жасау үшін пайдаланылған.
"Күдіктінің жалдамалы пәтерінен 2100-ден астам sim-карта, екі ноутбук, екі мобильді телефон, планшет табылды. Тәркіленген құрал-жабдыққа қатысты 48 абоненттік нөмірден азаматтарға қоңыраулар жасалғаны анықталды", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа алаяқтық қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Жаңалықтар
0