https://sputnik.kz/20241224/astanadan-atbasar-men-kokshetauga-zhuretin-zhana-zhyldyq-elektropoyyz-zholga-shyqty-49523250.html
Астанадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
Астанадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ мерекелік тақырыпта безендірілген Жаңа жылдық электропойызды жолға шығарды. 24.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-24T21:00+0500
2024-12-24T21:00+0500
2024-12-24T21:00+0500
пойыз
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/18/49523433_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_6ad05b6be6dd2089d214ead450306682.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ мерекелік тақырыпта безендірілген Жаңа жылдық электропойызды жолға шығарды.Электропойыз аптасына бес рет №6803/6804 "Астана-Атбасар" және №7507/7508 "Астана-Көкшетау" бағыттарында қатынайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасап хабарлады.Биылғы жаңа жылдық электропойыздың сыртқы безендіруі қар ұшқындары мен Аяз ата және Ақшақардың бейнелерімен ерекшеленеді. Вагондардың ішкі бөлігі шырша ойыншықтары, гирляндалар және қар өрнектерімен әсемделіп, жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.Балалар үшін арнайы пошта жәшігі орнатылған, онда олар өз тілектерін жазып, Аяз атаға хат жібере алады. Сондай-ақ жолаушылардың жайлылығы үшін пойызда жаңа піскен нан-тоқаш, сусындар мен тәттілерді қолжетімді бағамен ұсынатын буфет қарастырылған.Электропойыз екі бағытта ұйымдастырылған, бұл мерекелік сапарды мүмкіндігінше көп жолаушыға қолжетімді етеді. Атбасарға пойыз дүйсенбі, бейсенбі және жұма күндері, ал Көкшетауға сенбі және жексенбі күндері қатынайды. Жөнелту Астанадағы Нұрлы жол және Астана-1 вокзалдарынан жүзеге асырылады.Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/18/49523433_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_a3f73b95c859f91cfd27afd8006e8c42.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, астана
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ мерекелік тақырыпта безендірілген Жаңа жылдық электропойызды жолға шығарды.
Электропойыз аптасына бес рет №6803/6804 "Астана-Атбасар" және №7507/7508 "Астана-Көкшетау" бағыттарында қатынайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасап хабарлады.
Биылғы жаңа жылдық электропойыздың сыртқы безендіруі қар ұшқындары мен Аяз ата және Ақшақардың бейнелерімен ерекшеленеді. Вагондардың ішкі бөлігі шырша ойыншықтары, гирляндалар және қар өрнектерімен әсемделіп, жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Балалар үшін арнайы пошта жәшігі орнатылған, онда олар өз тілектерін жазып, Аяз атаға хат жібере алады. Сондай-ақ жолаушылардың жайлылығы үшін пойызда жаңа піскен нан-тоқаш, сусындар мен тәттілерді қолжетімді бағамен ұсынатын буфет қарастырылған.
Электропойыз екі бағытта ұйымдастырылған, бұл мерекелік сапарды мүмкіндігінше көп жолаушыға қолжетімді етеді. Атбасарға пойыз дүйсенбі, бейсенбі және жұма күндері, ал Көкшетауға сенбі және жексенбі күндері қатынайды. Жөнелту Астанадағы Нұрлы жол және Астана-1 вокзалдарынан жүзеге асырылады.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.