Алматыда жанар-жағармайдың бір айлық қоры бар – энергетика министрі

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Жазылу
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында тапшылық болмайды, деп сендірді энергетика министрі алматылықтарды
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Алмасадам Сәтқалиев алматылықтарды "оңтүстік астанадағы" жанар-жағармай құю бекеттерінде жаңа жылдық мереке күндері бензин мен дизель отынына қатысты тапшылық болмайды деп сендірді.
Бұл туралы 24 желтоқсан күні таңертең "Алматы бас жоспар" кеңсесінде өткен Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуде айтылды.
"Қалада 272 жанар-жағармай құю бекеті бар, барлық жанар-жағармай құю бекеті жанар-жағармаймен 100% қамтамасыз етілген. Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің 23,15 мың тонна (20 күн), АИ-95 – 7,26 мың тонна (29 күн), дизель отынының 12,94 мың тонна (14 күн) қоры бар. Қалада АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы литріне 204 теңге, АИ-95 – литріне 255 теңге, дизель отынының бағасы литріне 294 теңге", - деді министр.
Оның айтуынша, жанар-жағармай сатуда тапшылық пен алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында қала әкімдіктері рейдтер жүргізіп жатыр. Жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде үзіліс жоқ. Қорды толықтыру жеткізу келісім-шарттарына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және баға шегін сақтау жұмыстары тұрақты бақылауда, деп сендірді Қазақстанның энергетика министрі алматылықтарды.
Атырауский нефтеперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2024
Ресей бензин экспортына енгізілген уақытша тыйымның мерзімін ұзартты
Жаңалықтар
0