https://sputnik.kz/20241224/6-zhasymnan-bastap-tiisti-abay-oblysynda-boyzhetken-ogey-agasynan-qorlyq-korgenin-aytty--49521319.html
"6 жасымнан бастап тиісті": Абай облысында бойжеткен өгей ағасынан қорлық көргенін айтты
"6 жасымнан бастап тиісті": Абай облысында бойжеткен өгей ағасынан қорлық көргенін айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Абай облысы Аягөз ауданының тұрғыны 18 жастағы Еркеназ Оразғалиева 6 жасынан бастап өгей ағасынан қорлық көргенін, алайда... 24.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-24T20:22+0500
2024-12-24T20:22+0500
2024-12-24T20:22+0500
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/244/33/2443365_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_a400e8957f4419e15d58a790597580d0.jpg
АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Абай облысы Аягөз ауданының тұрғыны 18 жастағы Еркеназ Оразғалиева 6 жасынан бастап өгей ағасынан қорлық көргенін, алайда бүгінде әділдікке жете алмай жүргенін айтады. Жәбірленген қыз Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайын баяндады."Сол видеолар әлі күнге көз алдымда"Еркеназ Оразғалиева дүниеге келгенде ата-анасы туыстарының бауырына салып берген. Өйткені ол отбасының баласы болмаған."Мені асырап алған ата-анам өте мейірімді кісілер болды. Өкінішке қарай, әкем құлағы естімейтін, ал анамның көзі көрмейтін. Мені бағып алған әкемнің апайының баласы Еркебек Жұмаханов алты жасымнан қорлық көрсетті. Мультфильм көрсетемін деп порно видеолар көрсететін, тиісетін. Сол видеолар әлі күнге көз алдымда. Ол мені қорқытатын", - дейді Еркеназ Оразғалиева.Алты жыл бойы Еркеназдың мазасын алған ағасы қыз 12-ге толғанда арам пиғылын жүзеге асырған. Бұл күнгі оқиғаны Еркеназ ешқашан ұмытпаймын дейді.Еркеназ өзінің асыранды бала екенін студент болғанда бір-ақ білген, оны жеңгесі айтып қойған."Ол мектепте де тиісетін""Мен әу баста Еркебектің маған қорлық көрсеткенін айтпадым, тиісті деп қана айттым. Тоқал қылып аламын дейді, ұрып-соқты деп қана айттым. Өйткені маған ешкім сенбей ме деп ойладым. Полиция бөліміне барып арыз жазғанда ғана бар шындықты айттым. Туған әке-шешем де сол кезде білді, өгей анам да сол кезде естіп, қатты ауырып қалды", - дейді Еркеназ.Жәбірленушінің айтуынша, Еркебек Еркеназдың өгей анасын да ұрып-соғып, қорқытатын болған."Әкеме айтпағаныма өкінемін""Неге сол кезде әкеме айтпадым деп өкінемін. Ол кісі білсе мен мұндай қорлыққа тап болмас едім. Әкем 2020 жылы менің 14-15 жасымда қайтыс болды. Мен Еркебекке тоқал болғанша үйден кетемін деп шештім. Сол кезде өгей әкемнің анасы мен апайым "саған не жетпейді, ішкенің алдыңда, жағдайың жақсы" деді. Сол кезде Еркебектің тиісетінін айттым. Өгей әкемнің шешесі "Еркебектің саған жаман көзбен қарайтынын біліп едім" деді. Бірақ кейіннен ол әжем де мені кінәлап, Еркебекті жақтап шықты, маған қарсы. Жалпы Еркебектің туыстарының бәрі маған қарсы, тек зағип өгей анам ғана мені жақтайды", - дейді Еркеназ.Еркебек Жұмаханов Еркеғали Рахмадиев мектебінде жұмыс істеген, қазір шығып кетіпті."Арманым – әділ тергеуші болу""Менің ісімді дұрыс тергемей, жауып тастаған тергеушілердің орнын басқым келеді. Мен сияқты қорлық көрген қыздардың сөзін сөйлеуші едім. Тергеушілер Еркебекті емес, керісінше маған қатысты оқиғаларды тексереді. Істі екі рет тоқтатып тастаған. Қолымызға берген іс құжатын ашып қарасақ, Еркебек, Еркебектің анасының жазғанын үтір, нүктесіне дейін көшіріп, бірдей етіп қоя салған. Тергеу дұрыс жүрмеген", - дейді Еркеназ Оразғалиева.Ал Абай облыстық полиция істің тергеліп жатқанын айтты."2023 жылғы 5 шілдеде Аягөз ауданының полиция бөлімі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады ", - дейді ведомство.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/244/33/2443365_264:0:985:541_1920x0_80_0_0_b2e46999dc45396183104164e11c9ebc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
зорлық-зомбылық
АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Абай облысы Аягөз ауданының тұрғыны 18 жастағы Еркеназ Оразғалиева 6 жасынан бастап өгей ағасынан қорлық көргенін, алайда бүгінде әділдікке жете алмай жүргенін айтады. Жәбірленген қыз
Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайын баяндады.
"Сол видеолар әлі күнге көз алдымда"
Еркеназ Оразғалиева дүниеге келгенде ата-анасы туыстарының бауырына салып берген. Өйткені ол отбасының баласы болмаған.
"Мені асырап алған ата-анам өте мейірімді кісілер болды. Өкінішке қарай, әкем құлағы естімейтін, ал анамның көзі көрмейтін. Мені бағып алған әкемнің апайының баласы Еркебек Жұмаханов алты жасымнан қорлық көрсетті. Мультфильм көрсетемін деп порно видеолар көрсететін, тиісетін. Сол видеолар әлі күнге көз алдымда. Ол мені қорқытатын", - дейді Еркеназ Оразғалиева.
Алты жыл бойы Еркеназдың мазасын алған ағасы қыз 12-ге толғанда арам пиғылын жүзеге асырған. Бұл күнгі оқиғаны Еркеназ ешқашан ұмытпаймын дейді.
"Атамның 80 жас мерейтойына туыстарымыз дайындалып жатқан, Еркебек үйге ашуланып кіріп келді. Бауырларыммен отыр едім, оларды қуып шығып, мені ұра бастады. Ары-бері лақтырып, жастықпен тұншықтырды. Мені шешіндіріп, өзі де шешінді. Бұл оқиғадан үш күн өткен соң, туыстарым жазғы бөлмеде шай ішіп отырғанда мені былай алып шығып, аузымды басып менімен жыныстық қатынасқа түсті", - дейді Еркеназ.
Еркеназ өзінің асыранды бала екенін студент болғанда бір-ақ білген, оны жеңгесі айтып қойған.
"Ол мектепте де тиісетін"
"Мен әу баста Еркебектің маған қорлық көрсеткенін айтпадым, тиісті деп қана айттым. Тоқал қылып аламын дейді, ұрып-соқты деп қана айттым. Өйткені маған ешкім сенбей ме деп ойладым. Полиция бөліміне барып арыз жазғанда ғана бар шындықты айттым. Туған әке-шешем де сол кезде білді, өгей анам да сол кезде естіп, қатты ауырып қалды", - дейді Еркеназ.
Жәбірленушінің айтуынша, Еркебек Еркеназдың өгей анасын да ұрып-соғып, қорқытатын болған.
"Еркебек маған алты жасымнан тиісті, 12 жасымнан бастап жыныстық қатынасқа итермеледі. Ол кейде бір күнде 2-3 рет болса, кейде бірнеше апта тиіспейтін. Ол мектепте мұғалім болды, ол жерде де тиісетін. Қазір бәрі өтірік әңгіме деп жатыр, өтірік болса өзімді әшкере етіп нем бар. Мен өз ар-намысымды емес, әкем мен шешемнің көз жасын, өзім сияқты Еркебектен мектепте жәбір көрген қыздар үшін істедім, ол оқушы қыздарды кемсітетін", - дейді Еркеназ Оразғалиева.
"Әкеме айтпағаныма өкінемін"
"Неге сол кезде әкеме айтпадым деп өкінемін. Ол кісі білсе мен мұндай қорлыққа тап болмас едім. Әкем 2020 жылы менің 14-15 жасымда қайтыс болды. Мен Еркебекке тоқал болғанша үйден кетемін деп шештім. Сол кезде өгей әкемнің анасы мен апайым "саған не жетпейді, ішкенің алдыңда, жағдайың жақсы" деді. Сол кезде Еркебектің тиісетінін айттым. Өгей әкемнің шешесі "Еркебектің саған жаман көзбен қарайтынын біліп едім" деді. Бірақ кейіннен ол әжем де мені кінәлап, Еркебекті жақтап шықты, маған қарсы. Жалпы Еркебектің туыстарының бәрі маған қарсы, тек зағип өгей анам ғана мені жақтайды", - дейді Еркеназ.
Еркебек Жұмаханов Еркеғали Рахмадиев мектебінде жұмыс істеген, қазір шығып кетіпті.
"Арманым – әділ тергеуші болу"
"Менің ісімді дұрыс тергемей, жауып тастаған тергеушілердің орнын басқым келеді. Мен сияқты қорлық көрген қыздардың сөзін сөйлеуші едім. Тергеушілер Еркебекті емес, керісінше маған қатысты оқиғаларды тексереді. Істі екі рет тоқтатып тастаған. Қолымызға берген іс құжатын ашып қарасақ, Еркебек, Еркебектің анасының жазғанын үтір, нүктесіне дейін көшіріп, бірдей етіп қоя салған. Тергеу дұрыс жүрмеген", - дейді Еркеназ Оразғалиева.
Ал Абай облыстық полиция істің тергеліп жатқанын айтты.
"2023 жылғы 5 шілдеде Аягөз ауданының полиция бөлімі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады ", - дейді ведомство.