Желтоқсанда жәрмеңкелерге миллионға жуық адам келді

© Photo : Акимат АстаныСельскохозяйственная ярмарка в Астане
Сельскохозяйственная ярмарка в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Осы жылдың желтоқсан айының басынан бастап еліміздің өңірлерінде 250-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, оған миллионға жуық азамат қатысты.
Мұндай деректер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, жәрмеңкелерді өткізу тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие болуда, әкелінетін өнім көлемі толығымен сатылып жатыр.
"Ең көп картоп Қарағанды облысында сатылды – 110 тонна, Алматыда – 90 тонна, Шымкентте мерекелік демалыс күндері 45 тонна картоп сатылды", — деп атап өтті бірінші вице-министр.
Жәрмеңкелермен қатар өңірлердегі сауда сөрелеріне тұрақтандыру қорындағы көкөністер шығарылуда.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 19 желтоқсан күнгі мәліметке сәйкес тұрақтандыру қорындағы 9,2 тонна картоп, 2,6 тонна сәбіз, 2,8 тонна пияз бен 2,1 тонна қырыққабат сатылды. Сондай-ақ кеңесте әр өңірдің қажеттілігін ескере отырып, алдағы мамыр айына дейін қорлардағы көкөністерді сату кестесі ұсынылды.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының орташа өсу индексі – 0,1%-ды, ал жыл басынан – 1,1%-ды құрады.
Жиын соңында Серік Жұманғарин жәрмеңкелерді белсенді ұйымдастыруды және мереке қарсаңында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында сауда заңнамасына миемлекеттік бақылауды күшейтуді тапсырды.
Жаңалықтар
0