https://sputnik.kz/20241223/zhaqsylyq-zhasau-ushin-aqsha-qazhet-emes--ayaz-ata-49486035.html
Жақсылық жасау үшін ақша қажет емес – Аяз ата
Жақсылық жасау үшін ақша қажет емес – Аяз ата
Sputnik Қазақстан
Великий Устюг қаласынан Астанаға келген Аяз ата баспасөз конференциясында бала кезінде кім болуды армандағанын, сыйлықтарға ақшаны қайдан алатынын және неге... 23.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-23T19:57+0500
2024-12-23T19:57+0500
2024-12-23T19:57+0500
аяз ата
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/17/49485117_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_310667ff3c4f2291e4e2752e585fd5b4.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Астанаға Ресейдің Великий Устю қаласынан Аяз ата келді.Ол балалармен баспасөз конференциясын өткізіп, оларға сыйлық жасауға ақшаны қайдан алатынын айтып берді."Жақсылық жасау үшін маған ақша керек емес. Сендерге тәтті сыйлық ұнайтынын білемін. Ірі қалалардың барлығында дерлік кондитерлік фабрика бар. Олармен бұрыннан доспын. Сондықтан маған сыйлыққа ақша керек емес", - деп атап өтті ол.Сондай-ақ ол Санта-Клауссекілді бұғыжегілген шанамен ұшпайтынын, желтоқсан, қаңтар, ақпан деп аталатын үш атты шанамен жүретінін айтты. Сонымен қатар ол автокөлік пен снегоходқа мінетінін де жасырмады. Әуе және теміржол қызметтерін де пайдаланадыекен. Оның жеке поштасы мен ұялы байланысы бар.Ол бала кездегі арманын есіне түсіріп, қазіргі балаларға неліктен қызыға қарайтынын жеткізді.Сондықтан ол балаларды ерінбеуге, шын ынтамен оқуға шақырды.Оның айтуынша, ол Ақшақармен бірге тұрмайтындықтан онымен бірге жүрмейді.Қысқы сиқыршы Астанаға тікелей Ереваннан ұшып келген. Қазақстанның астанасында ол екі күн бойы балаларды оңалту орталықтарын аралап, одан кейін Беларусь еліне аттанады.Аяз атаның жаңа жылдық шетелге сапары 26 желтоқсанға дейін жалғасады. Ол бұған дейін Италия, Франция, Бельгия, Дания, Германия, Австрия, Үндістан, Қытай және Арменияда болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/17/49485117_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e2f649253f114299b198dbadab8353e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аяз ата
Жақсылық жасау үшін ақша қажет емес – Аяз ата
Великий Устюг қаласынан Астанаға келген Аяз ата баспасөз конференциясында бала кезінде кім болуды армандағанын, сыйлықтарға ақшаны қайдан алатынын және неге Ақшақарсыз жүргенін айтты
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Астанаға Ресейдің Великий Устю қаласынан Аяз ата келді.
Ол балалармен баспасөз конференциясын өткізіп, оларға сыйлық жасауға ақшаны қайдан алатынын айтып берді.
"Жақсылық жасау үшін маған ақша керек емес. Сендерге тәтті сыйлық ұнайтынын білемін. Ірі қалалардың барлығында дерлік кондитерлік фабрика бар. Олармен бұрыннан доспын. Сондықтан маған сыйлыққа ақша керек емес", - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ ол Санта-Клауссекілді бұғыжегілген шанамен ұшпайтынын, желтоқсан, қаңтар, ақпан деп аталатын үш атты шанамен жүретінін айтты. Сонымен қатар ол автокөлік пен снегоходқа мінетінін де жасырмады. Әуе және теміржол қызметтерін де пайдаланадыекен. Оның жеке поштасы мен ұялы байланысы бар.
Ол бала кездегі арманын есіне түсіріп, қазіргі балаларға неліктен қызыға қарайтынын жеткізді.
"Адамдар әрқашан білімді ауыздан ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Менің де қалауым білім алу болды. Сендерге жақсы ниетпен қызғана қарайтынымды жасырмаймын, өйткені сендерге білім әлеміне саяхаттауға керемет мүмкіндік берілген", - деді сиқыршы.
Сондықтан ол балаларды ерінбеуге, шын ынтамен оқуға шақырды.
Оның айтуынша, ол Ақшақармен бірге тұрмайтындықтан онымен бірге жүрмейді.
Қысқы сиқыршы Астанаға тікелей Ереваннан ұшып келген. Қазақстанның астанасында ол екі күн бойы балаларды оңалту орталықтарын аралап, одан кейін Беларусь еліне аттанады.
Аяз атаның жаңа жылдық шетелге сапары 26 желтоқсанға дейін жалғасады. Ол бұған дейін Италия, Франция, Бельгия, Дания, Германия, Австрия, Үндістан, Қытай және Арменияда болды.