https://sputnik.kz/20241223/orda-tobynyn-kontsertine-bilet-satqan-18-zhastagy-zhigit-ustaldy-49482525.html
Орда тобының концертіне "билет" сатқан 18 жастағы жігіт ұсталды
Орда тобының концертіне "билет" сатқан 18 жастағы жігіт ұсталды
Sputnik Қазақстан
Елорда полициясы концерт билетін сатуға қатысты алаяқтық схеманы анықтады 23.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-23T15:20+0500
2024-12-23T15:20+0500
2024-12-23T15:20+0500
концерт
билет
алаяқ
https://sputnik.kz/img/old/520/26/5202617_0:23:450:276_1920x0_80_0_0_a6994977d15db2c772ed1b93b454e20e.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Жалған билет алып, Орда тобының кешіне кіре алмаған астаналықтар полицияға арызданды, деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.Жәбірленушілер алданғанын концертке кіре алмаған кезде бір-ақ білген. Сол сияқты қаланың кейбір тұрғындары танымалресейлік әншіні көру үшін де жалған QR кодтар алған. Билет құны – 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін.Жігіт instagram-да жалған аккаунт құрып, танымал әншілердің концертіне жоқ билеттерді ұсынған.Жедел қызметкерлер күдіктіні жәбірленушілер ақша жіберген банктік шоты арқылы анықтай алды. Жас жігіт кінәсін мойындады.Тергеу барысында күдіктінің тағы да осыған ұқсас 11 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/520/26/5202617_26:0:425:299_1920x0_80_0_0_46fdb3078b935ea02fd1380f49839364.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
концерт, билет, алаяқ
Орда тобының концертіне "билет" сатқан 18 жастағы жігіт ұсталды
Елорда полициясы концерт билетін сатуға қатысты алаяқтық схеманы анықтады
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Жалған билет алып, Орда тобының кешіне кіре алмаған астаналықтар полицияға арызданды, деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Жәбірленушілер алданғанын концертке кіре алмаған кезде бір-ақ білген. Сол сияқты қаланың кейбір тұрғындары танымал
ресейлік әншіні көру үшін де жалған QR кодтар алған. Билет құны – 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін.
"Жалпы шығын сомасы шамамен 200 мың теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу аясында Алматы ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 18 жастағы азаматты анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Жігіт instagram-да жалған аккаунт құрып, танымал әншілердің концертіне жоқ билеттерді ұсынған.
Жедел қызметкерлер күдіктіні жәбірленушілер ақша жіберген банктік шоты арқылы анықтай алды. Жас жігіт кінәсін мойындады.
Тергеу барысында күдіктінің тағы да осыған ұқсас 11 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.