Ипотека алушылар саны бір жылда 15%-ке жуық көбейді

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуМакет дома на калькуляторе
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Жазылу
Ипотекаға үй алам деушілерге биыл он бір айда 63 422 қарыз берілді
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Биыл қарашада Қазақстандағы ипотекалық қарыздар портфелі 6,2 трлн теңге болды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,6%-ке көп, деп хабарлады Energyprom.kz.
Ипотека 2021 жылдың соңынан бастап барлық кредиттің бестен бір бөлігін құрап отыр.
Бес жыл ішінде азаматтардың тұрғын үй салуға және сатып алуға алған қарызының көлемі 3,4 есеге, онжылдықта 7,6 есеге, ал жиырма жыл ішінде 57 еседен астам өсті.
Ипотека нарығында Отбасы банкі көш бастап тұр.
Ипотекаға үй алам деушілерге биыл он бір айда 63 422 қарыз берілді, ал олардың жалпы сомасы 1,1 трлн теңге болды. Оның ішінде 7 861 қарыз тұрғын үйге кезекте тұрған қазақстандықтарға ("Бақытты Отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша), ал тағы 25 034 қарыз банктің өз бағдарламалары бойынша берілді.
Биылғы жылдың 11 айында тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесінің саны 382,9 мың болды. Тек қараша айында 39,4 мың тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,3%-ке көп.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы мәселесі сонда да өте өзекті болып тұр. Ресми мәлімет бойынша 2024 жылдың басында бір адамға небәрі 23,9 шаршы метрді құрады, бұл БҰҰ ұсынған бір адамға 30 шаршы метрден едәуір аз.
Жаңалықтар
0