БҚО тұрғыны бөтеннің банк картасын қолдану арқылы әйеліне гүл шоғын сыйлаған

© Sputnik / Мария Девахина / Медиабанкке өтуГүл шоқтары
Гүл шоқтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Жазылу
Әйел адам картасын жоғалтып алғанын тіпті білмеген де
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны әйеліне сыйлаған гүл шоғының ақысын бөтен адамның банк картасымен төлеген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақсай қаласының полицейлері табылған банк картасын жеке мақсатында пайдаланған күдіктіні анықтады.
"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер жоғалған банк картасын пайдаланып, құны 400 мың теңгеден асатын сатып алуды жүзеге асырған күдіктіні анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Әйел адам картасын жоғалтып алғанын тіпті білмеген де. Ол картаны пайдаланбай, банктің қосымшасын пайдаланған. Сол себепті ол өз шотындағы ақшаның есебін картаны жоғалтқаннан кейін бір айдан соң ғана байқаған.
33 жастағы Ақсай қаласының тұрғыны картаны тауып алып, азық-түлік, алкогольдік сусындар сияқты көптеген сауда жасап, тіпті әйеліне гүл шоғын да сатып алған.
Полицейлер күдіктіні анықтады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер азаматтарға мұқият болуды ескертіп, банк карталары сияқты жеке заттар жоғалған жағдайда бұл туралы банкке дереу хабарла керектігін еске салды.
Патрулирование улиц - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2024
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Жаңалықтар
0