Семейде шыршаны безендірген мұғалім ауыр жарақат алды

© Sputnik / Владислав ВодневМашина скорой помощи
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2024
Жазылу
Министр білім басқармалары мен бөлім басшыларына ескерту жасады
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Семейде шырша безендіруге барған мұғалімдердің бірі ауыр жарақат алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Министрдің айтуынша, Семейде мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тартқан. Салдарынан мұғалім ауыр жарақат алған.
Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – "Педагог мәртебесі туралы" заңды өрескел бұзу деп санаймын, дейді министр.
"Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін", - деді Ғани Бейсембаев.
Министр білім басқармалары мен бөлім басшыларына ескерту жасады.
"Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқықтарының "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келеді. Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін", - деді ол.
Бейсембаеы зардап шеккен мұғалімнің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығып кетіне тілектестік білдірді.
"Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды", - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
0