https://sputnik.kz/20241221/qazaqstan-azamaty-seuldin-qurmetti-turgyny-atandy-49449489.html
Қазақстан азаматы Сеулдің құрметті тұрғыны атанды
Қазақстан азаматы Сеулдің құрметті тұрғыны атанды
Sputnik Қазақстан
Бұл атақ шетелдік азаматтарға Сеулдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін беріледі 21.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-21T15:32+0500
2024-12-21T15:32+0500
2024-12-21T15:32+0500
сыртқы істер министрлігі
оңтүстік корея
құрметті азаматтар
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/15/49439830_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_539fd9c7c0b73a4debf6d3e41396758f.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан азаматы "Сеулдің құрметті тұрғыны" атағын алды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.Бұл – Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінің қызметкері Руслан Қайрамбаев.Сеулде мұндай атақ 1958 жылы пайда болған, содан бері әлемнің 100 елінен 933 адам ғана марапатталған. Бұл атақ шетелдік азаматтарға Сеулдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.2024 жылы оны халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қаланы дамытуға үлес қосқан 16 лауреат алды.Барлық лауреаттар атынан сөз сөйлеген Руслан Қайрамбаев Сеул қаласының әкімдігіне көрсеткен құрметі үшін алғыс айтып, өз әрекетін ерлік деп санамайтынын жеткізді."Менің орнымда болған кез келген адам дәл солай жасар еді", - деді ол.Сондай-ақ, ол бұл марапат Қазақстан мен Корея арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді деген сенімін білдірді.Мұндай марапат Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты байланыстардың нығаюын білдіреді және халықаралық қатынастарды дамытудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді, деп атап өтті ведомство.
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/15/49439830_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_46d8f8e7d8d52a44da51e57bd9dda7cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыртқы істер министрлігі, оңтүстік корея, құрметті азаматтар
сыртқы істер министрлігі, оңтүстік корея, құрметті азаматтар
Қазақстан азаматы Сеулдің құрметті тұрғыны атанды
Бұл атақ шетелдік азаматтарға Сеулдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін беріледі
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан азаматы "Сеулдің құрметті тұрғыны" атағын алды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Бұл – Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінің қызметкері Руслан Қайрамбаев.
Сеулде мұндай атақ 1958 жылы пайда болған, содан бері әлемнің 100 елінен 933 адам ғана марапатталған. Бұл атақ шетелдік азаматтарға Сеулдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.
2024 жылы оны халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қаланы дамытуға үлес қосқан 16 лауреат алды.
"Руслан Қайрамбаев өткен жылдың желтоқсан айында көрсеткен ерлігі үшін алды. Ол өрт сөндірушілер келгенге дейін жерасты автотұрағында жанып жатқан көлікті сөндірген. Оның әрекеттерінің арқасында өрт басқа аумаққа тарамады, адам шығыны болған жоқ", - дейді министрлік.
Барлық лауреаттар атынан сөз сөйлеген Руслан Қайрамбаев Сеул қаласының әкімдігіне көрсеткен құрметі үшін алғыс айтып, өз әрекетін ерлік деп санамайтынын жеткізді.
"Менің орнымда болған кез келген адам дәл солай жасар еді", - деді ол.
Сондай-ақ, ол бұл марапат Қазақстан мен Корея арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді деген сенімін білдірді.
Мұндай марапат Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты байланыстардың нығаюын білдіреді және халықаралық қатынастарды дамытудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді, деп атап өтті ведомство.