Ұлттық Банк Стати ісі бойынша сот дауларына қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан Ұлттық банкі
Қазақстан Ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2024
Жазылу
Түпкілікті реттеу туралы келісімнің нақты шарттары жасырын болып табылады
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі "алдын ала келісімдер" емес, "құқықтық дауларды түпкілікті реттеу" деген тұжырымды талап етеді.
"Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкі және Стати тараптары арасындағы сот дауларын реттеу процесінің сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды. Реттеу нәтижесінде Қазақстан Ұлттық Банкі Стати тараптарының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне қойған талаптарынан бас тартуына және Швецияда қамтамасыз ету шараларының ықпалында болған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін өз иелігіне қайтаруға қол жеткізді", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк хабарлағандай, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ұзақ мерзімді кірістілігін жақсарту үшін жағдай жасауға ықпал ететін операциялық икемділікті арттыруға және әлеуетті инвестициялық серіктестердің барынша кең ауқымын тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Түпкілікті реттеу туралы келісімнің нақты шарттары жасырын болып табылады.
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0