https://sputnik.kz/20241220/bul-aqsha-zhinau-emes-enbek-qauipsizdigin-buzuga-qatysty-zhaza-kusheytildi-49423955.html
"Бұл ақша жинау емес": депутаттар еңбек қауіпсіздігіне қатысты жазаны күшейтті
"Бұл ақша жинау емес": депутаттар еңбек қауіпсіздігіне қатысты жазаны күшейтті
Sputnik Қазақстан
Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды 20.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-20T11:20+0500
2024-12-20T11:20+0500
2024-12-20T11:24+0500
айыппұл
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26757775_0:54:3067:1779_1920x0_80_0_0_6cf248572b9156471d7923bc71212b98.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еңбек қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзғандарға жаза қатаңдатылғанын хабарлады.Оның айтуынша, бір жылда өндірісте 1 232 жазатайым оқиға тіркелген. Оның 251-інде адам өлген. Сол оқиғалардың 24%-ы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан болған.Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізілген. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды.Есесіне айыппұл көлемі артты:"Бұл айыппұлмен ақша жинау емес. Бұл – әділдік және адам өмірін қорғау. Адал жұмыс берушілерге алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл нормалар тек қауіпсіздікті елемейтіндерге қатысты", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26757775_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_2b13619e18a210561f12b3952a7a79b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айыппұл, қауіпсіздік
"Бұл ақша жинау емес": депутаттар еңбек қауіпсіздігіне қатысты жазаны күшейтті
11:20 20.12.2024 (жаңартылды: 11:24 20.12.2024) Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еңбек қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзғандарға жаза қатаңдатылғанын хабарлады.
Оның айтуынша, бір жылда өндірісте 1 232 жазатайым оқиға тіркелген. Оның 251-інде адам өлген. Сол оқиғалардың 24%-ы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан болған.
"Ең қорқыныштысы, еңбек қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғандардың жартысынан көбі тек ескерту алады. Осы жағдайды біз өзгерттік", - деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізілген. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды.
Есесіне айыппұл көлемі артты:
алғашқы заң бұзушылық үшін – 20-дан 120 АЕК-ке дейін;
қайталанған заң бұзушылық үшін – 40-тан 240 АЕК-ке дейін.
"Бұл айыппұлмен ақша жинау емес. Бұл – әділдік және адам өмірін қорғау. Адал жұмыс берушілерге алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл нормалар тек қауіпсіздікті елемейтіндерге қатысты", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.