Астанада LRT қашан пайдалануға беріледі - Жеңіс Қасымбек мерзімін атады
18:29 20.12.2024 (жаңартылды: 18:43 20.12.2024)
© SputnikLRT құрылысы
© Sputnik
Жазылу
Қазір рельстер төселуде, көктемде сигнал беру жұмыстары басталады
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Астана әкімі LRT құрылысының мерзімі мен жол желісіндегі баға туралы сұраққа жауап берді.
Жеңіс Қасымбек тарифтің әлі бекітілмегенін айтып, оның қайта есептелетін мәлімдеді.
"Алғашында жоба жоспарланған кезде күніне шамамен 20 мың жолаушы ағыны болады күтілген. Енді біз бұл ағынның әлдеқайда көп, мүмкін бірнеше есе көп болатынын көріп отырмыз. Сондықтан құны қайта есептелетін болады. Мен дәл қазір нақты құнын айтпай-ақ қояйын. Тек айта кетейін, бұл қоғамдық көлік, біз жолақыны халықтың барлық тобы төлей алатын шектерде ұстауға тырысып жатырмыз, сондықтан баға ақылға қонымды және қолайлы болады", - деді әкім.
Әкім құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталатынын айтты.
"Соңғы жылы Мемлекет басшысының қолдауының арқасында LRT өте белсенді түрде салынуда. Біз эстакаданың барлық дерлік құрылыс жұмысын аяқтадық. Барлық LRT инфрақұрылымы осы жазда дайын болады. Қазір рельстер төселуде, көктемде сигнал беру жұмыстары басталады. Алғашқы пойыздар келер жылдың тамыз-қыркүйек айларында келеді. Күзде 15 пойыз келеді деп жоспарлап отырмыз. Техникалық қозғалыс келесі жылдың соңында ашылады. Жұмыс нұсқасында толық іске қосу 2026 жылға белгіленіп отыр", - деді Жеңіс Қасымбек.