Заңсыз және пайдаланылмай жатқан 12.1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Карагандинская область
Карагандинская область - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Жазылу
Мемлекеттік меншікке өткен жерлердің 4,8 млн гектары бүгінгі күні қайта бөлінді
АЛМАТЫ, 19 желтоқсан – Sputnik. Кейінгі екі жылда пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 12,1 млн га жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қажетті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 3,7 млн га аумақта жерді игеруге кіріскен.
Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлердің 4,8 млн гектары бүгінгі күні қайта бөлінді.
"Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясы республикалық комиссия ретінде қайта құрылды. Оның негізгі міндеті – жерлерді ауыл халқының қажеттіліктері үшін қайта бөлуге және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау", - дейді ведомство.
Сондай-ақ салық төлеуді, инвестиция тартуды және ауылдық аумақтарды дамытуға ықпал ететін қолданыстағы ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесі пысықталуда.
Жаңалықтар
0