Солтүстік Қазақстан облысында сот төрағасы қамауға алынды

© SputnikҚР Жоғарғы соты
ҚР Жоғарғы соты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Жазылу
Қазақстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі лауазымды тұлғаның ұсталғаны туралы ақпаратты растады
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы ұсталды.
Қазақстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі лауазымды тұлғаның ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
"Бүгін, 2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды", - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.
Тергеу органдарының мәліметінше, сот қамауда ұстауға санкция берді, күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Жаңалықтар
0