Қазақстандықтарды алдауға арналған SIM-карталарды іске қосатындар ұсталды

© Photo : Polisia.kzSIM-box
SIM-box - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Жетісу облысында халықты алдауға арналған SIM-карталарды іске қосқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Арнайы операцияғы облыстық және Астана қалалық полиция департаменттері ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен өткізді. Тәртіп сақшылары Жетісу облысының 24 және 25 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олардың біреуі Жамбыл ауылында, ал екіншісі Достық ауылында тұрған. Күдіктілер sim-карталарды іске қосып, WhatsАpp мессенджеріне тіркегеннен кейін Қазақстан азаматтарын алдаумен айналысатын алаяқтарға сатып отырды.
"Қылмыс келесі схема бойынша жүзеге асырылған: қаскөйлер өздерінің жеке деректерін пайдаланып, Tele2 қосымшасы арқылы абоненттік нөмірлерді тіркеген, содан кейін басқа қосымшалардың көмегімен нөмірлерді іске қосып, оларды Telegram-каналдар арқылы 500-ден 1500 теңгеге дейінгі бағамен сатқан. Күніне 100-ге дейін sim-карталар тіркелген", - дейді полицейлер.
Тінту кезінде 17 ұялы телефон, екі ноутбук, бір модем және 1000-ға жуық sim-карта тәркіленді. Ұсталғандардың басқа алаяқтармен байланысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Патрулирование улиц - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2024
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Жаңалықтар
0