Қазақстанда мандарин импорты 38%-ке артты

© Photo : СС0 / S. Hermann & F. RichterМандарин
Мандарин - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Жазылу
Қазақстанға цитрус жемістерінің негізгі жеткізушісі - Қытай, оның үлесі 53,6%
АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Биыл 9 айда Қазақстанға 51,4 мың тонна мандарин және түрлі цитрус жемістері әкелінді, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мандариннің импорты өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті.
"Биыл он айда импорттың құны 32,8 миллион долларға жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,2%-ке артты", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстанға цитрус жемістерінің негізгі жеткізушісі - Қытай, оның үлесі 53,6%. Екінші орынды Пәкістан. Шетелдік жеткізушілердің үштігіне Түркия да кірді.
Мандариндерді тұтынудың ең жоғары деңгейі бірінші және төртінші тоқсандарда байқалды. Мысалы, биылғы жылдың қаңтар–наурыз айларында әрбір қазақстандыққа шаққанда орташа есеппен әрқайсысы 2,1 кг мандарин жеді.
Жаңалықтар
0