https://sputnik.kz/20241219/premer-ministr-uaqyt-auystyrgannan-keyingi-qolaysyzdyqtar-qalay-sheshiletinin-aytty-49410173.html
Премьер-министр уақыт ауыстырғаннан кейінгі қолайсыздықтар қалай шешілетінін айтты
Премьер-министр уақыт ауыстырғаннан кейінгі қолайсыздықтар қалай шешілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов уақытты бір сағатқа шегеруге қатысты шешім ғылыми тұрғыда дәлелденгенін мәлімдеді. Ал уақыт... 19.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-19T17:23+0500
2024-12-19T17:23+0500
2024-12-19T17:23+0500
үкімет
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1d/48155257_2:0:1278:718_1920x0_80_0_0_6884bb3df1f986144c9c8918d60f76a4.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов уақытты бір сағатқа шегеруге қатысты шешім ғылыми тұрғыда дәлелденгенін мәлімдеді. Ал уақыт ауыстырғаннан кейінгі қолайсыздықтарды шешуге болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған үкімет басшысы зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдармен кездесті. Сол кезде бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесі де көтерілді.Оның айтуынша, Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі – UТC+5. Бұрын UТC+6 болған."Кезінде еліміз директивалық тәртіпте біз үшін табиғи емес белдеуге ауыстырылды. Қазір, керісінше, біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік. Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Біздің еңбек заңнамамыз оған мүмкіндік беріп отыр. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз", — деді премьер-министр.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1d/48155257_162:0:1119:718_1920x0_80_0_0_00d3b1bc803bf15eee7a6522eabf4de4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қостанай облысы
Премьер-министр уақыт ауыстырғаннан кейінгі қолайсыздықтар қалай шешілетінін айтты
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов уақытты бір сағатқа шегеруге қатысты шешім ғылыми тұрғыда дәлелденгенін мәлімдеді. Ал уақыт ауыстырғаннан кейінгі қолайсыздықтарды шешуге болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған үкімет басшысы зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдармен кездесті. Сол кезде бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесі де көтерілді.
"Бұл шешім Қазақстанда ғана емес, шетелде де жүргізілген өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Бұл зерттеуде ғалымдар табиғи уақытта өмір сүрген кезде адам үшін ең жақсы және пайдалы екенін дәлелдеді. Сондықтан қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылуда", - деді Бектенов.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі – UТC+5. Бұрын UТC+6 болған.
"Кезінде еліміз директивалық тәртіпте біз үшін табиғи емес белдеуге ауыстырылды. Қазір, керісінше, біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік. Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Біздің еңбек заңнамамыз оған мүмкіндік беріп отыр. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз", — деді премьер-министр.