Бүгін Мәскеуде Путинмен тікелей байланыс орнатылады

© Photo : Алексей ДаничевЗаседание БРИКС плюс
Заседание БРИКС плюс - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Жазылу
Түрлі арналар арқылы миллионнан астам сауал түскен
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей байланыс орнатылады.
"Владимир Путин жылды қорытындылайды" бағдарламасына әртүрлі арналар арқылы миллионнан астам сауал келіп түскен. Негізгі тақырыптар денсаулық сақтау және АӘО-ға қатысты, деп хабарлады РИА Новостиге президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Арнайы әскери операцияға қатысты мәселелер <...> қазір соғысып жатқандарды, мүгедектерді материалдық қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мәселелері жиі көтеріліп отыр", - деді ол.
Песковтың айтуынша, экономика мен көлік инфрақұрылымы да тікелей күн тәртібінде болмақ.
"Мұндай іс-шараларды өткізу ол (Владимир Путин - ред.) үшін өте маңызды міндет және президент әр жол өте мұқият дайындалады", - деп атап өтті баспасөз хатшысы.
Ол министрліктер, ведомстволар мен үкімет те тікелей желіге дайындалып жатқанын айтты.
Бұл үрдіс дәстүрге айналғанымен, оны дайындауға алғаш рет жасанды интеллект қатысып жатыр. Ол әртүрлі деректер массивін өңдеуге көмектеседі.
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз мәслихатымен ұштастырылатын тікелей желіге АҚШ, Франция және Қытайды қоса алғанда, түрлі шетелдік БАҚ журналистері қатысады.
Жаңалықтар
0