Биыл көпбалалы отбасылар 432 млрд теңге жәрдемақы алды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Жазылу
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ке артты
АЛМАТЫ, 19 желтоқсан - Sputnik. Биыл шамамен 577,2 мың отбасы 431,9 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай сараланып есептеледі және 2024 жылы:
4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ке артты.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 472,9 млрд теңге қарастырылған.
Жаңалықтар
0