https://sputnik.kz/20241219/astanada-erekshe-otbasylyq-bayqau-otti-49392232.html
Астанада ерекше отбасылық байқау өтті
Астанада ерекше отбасылық байқау өтті
Sputnik Қазақстан
Отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған іс-шараға елорданың бес ауданының ең үздік әулеттері қатысты 19.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-19T22:50+0500
2024-12-19T22:50+0500
2024-12-19T22:50+0500
мерейлі отбасы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/13/49392327_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_990e1cb6e555340da55916af1e6000e4.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Астанада "Әже, келін, немере. Ата, бала, немере" атты отбасыаралық байқау өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Ұрпақтар сабақтастығы жобасы аясындағы іс-шараға елорданың бес ауданының ең үздік әулеттері қатысты. Оның мақсаты да сол – ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ағайындар арасындағы береке-бірлікті паш ету. Байқауға қатысқан барлық отбасы ұлағатты ата, ардақты әже, үлгілі әке, ибалы келін, үкілі қыз, мейірімді бала тақырыбын ашып, өз отбасындағы жетістіктер туралы таныстырды.Есіл ауданынан шыққан ұшқыштар династиясы – Хамзиндер отбасы бір әулетте авиация саласында 28 адамның жұмыс істейтінін мақтанышпен таныта білді. Әулет анасы Марал Хамзина қазақтан шыққан тұңғыш бортсерік қыз болса, бүгінде немере сүйіп отырған ақ жаулықты әже.Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов мұндай байқау балаларды еңбекқорлыққа, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, жалпы адамгершіліктің барлық ережесін үйренуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, оны бағалай білуге тәрбиелейтінін айтты.Байқау соңында өнер көрсеткен барлық отбасыға арнайы сыйлықтар табысталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/13/49392327_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_1c90a1eeea89db5ab21f4fdfb1e206d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мерейлі отбасы
Астанада ерекше отбасылық байқау өтті
Отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған іс-шараға елорданың бес ауданының ең үздік әулеттері қатысты
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Астанада "Әже, келін, немере. Ата, бала, немере" атты отбасыаралық байқау өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ұрпақтар сабақтастығы жобасы аясындағы іс-шараға елорданың бес ауданының ең үздік әулеттері қатысты. Оның мақсаты да сол – ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ағайындар арасындағы береке-бірлікті паш ету.
"Байқауды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Үш жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан бұл бағдарлама отбасы институтын дамытуды көздейді", - деп жазылған хабарламада.
Байқауға қатысқан барлық отбасы ұлағатты ата, ардақты әже, үлгілі әке, ибалы келін, үкілі қыз, мейірімді бала тақырыбын ашып, өз отбасындағы жетістіктер туралы таныстырды.
Есіл ауданынан шыққан ұшқыштар династиясы – Хамзиндер отбасы бір әулетте авиация саласында 28 адамның жұмыс істейтінін мақтанышпен таныта білді. Әулет анасы Марал Хамзина қазақтан шыққан тұңғыш бортсерік қыз болса, бүгінде немере сүйіп отырған ақ жаулықты әже.
Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов мұндай байқау балаларды еңбекқорлыққа, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, жалпы адамгершіліктің барлық ережесін үйренуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, оны бағалай білуге тәрбиелейтінін айтты.
Байқау соңында өнер көрсеткен барлық отбасыға арнайы сыйлықтар табысталды.