Тоқаев Франция президентіне көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2024
Жазылу
Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Майотта архипелагында "Шидо" атты жойқын цилон болған еді
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Майотта архипелагында "Шидо" атты жойқын цилон болған еді. Оқиға салдарынан мыңдаған адам құрбан болуы мүмкін екені туралы хабарланды.
16 желтоқсанда қатты дауылдан зардап шеккен Майотта аралындағы жағдайға байланысты Франция басшысы ұлттық аза тұту күнін жариялайтынын мәлім етті.
Жаңалықтар
0