Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Раданың адам құқықтары жөніндегі уәкілі мобилизация жасын төмендетуге қарсы шықты

Верховная Рада Украины
Верховная Рада Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Жоғарғы Раданың адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец мобилизация жасын төмендету идеясына қарсы екенін айтты – ол елде майданға жіберуге болатын 30-дан 45 жасқа дейінгі ерлер саны жеткілікті деп санайды.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтон мен оның одақтастары 18-ден 25 жасқа дейінгі Украина азаматтарын мобилизациялау қажет деген пікірмен келісетінін хабарлады. Содан кейін Зеленскийдің кеңесшісі Дмитрий Литвин Украина 18 жастағы азаматтарды мобилизациялауды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді.
"Мен бұған (мобилизациялау жасын 18 жасқа дейін түсіру – ред.) теріс көзқарастамын. Егер біз отбасы құрмаған, бала-шағасы жоқ жастарды алып кетсек, менің ойымша, Украинаның болашағы болмайды. Бізде 30-дан 45 жасқа дейінгі орта жастағы ер адамдар өте көп. Бұл – шайқасуға қабілетті Украина азаматтарының ең тиімді санаты", - деді Лубинец "Украинская правда" басылымына берген сұхбатында.
Украинада мобилизацияны күшейту туралы заң 18 мамырда күшіне енді. Құжат күшіне енген күннен бастап 60 күн ішінде әскери қызмет өткеруге міндетті барлық тұлғаны әскери комиссариаттағы мәліметін жаңартуды міндеттейді. Ол үшін әскери комиссариатқа барып немесе "әскери міндеттінің электронды кабинетінде" тіркелу қажет.
Жаңалықтар
0