"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМолоток судьи суд приговор
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Бұл туралы Бас көлік прокуратуарысының баспасөз қызметінен мәлім болды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты "Жақсы-Есіл – Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.
Келісімшарттың заңды бұза отыры жасалғаны және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.
"Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ",- делінген хабарламада.
Полицияға пара беру туралы 900-ден астам шағым түсіп, 70-тен астам іс қозғалғаны туралы жаздық.
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2024
"ҚазАвтоЖол" компаниясының экс-төрағасына қатысты тергеу аяқталды
Жаңалықтар
0