https://sputnik.kz/20241218/qazaqstan-ukimeti-men-biznesmen-stati-arasyndagy-dauga-nukte-qoyyldy-49381339.html
Қазақстан үкіметі мен бизнесмен Стати арасындағы дауға нүкте қойылды
Қазақстан үкіметі мен бизнесмен Стати арасындағы дауға нүкте қойылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және Стати тараптары мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін... 18.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-18T21:33+0500
2024-12-18T21:33+0500
2024-12-18T21:34+0500
стати
https://sputnik.kz/img/136/39/1363989_0:176:1280:896_1920x0_80_0_0_b21689fc9b1073613ba5114d45658837.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және Стати тараптары мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтады, деп хабарлады Әділет министрлігі.Қол қойылған Түпкілікті реттеу туралы келісім барлық дауды болашақта қайта бастау құқығынсыз тоқтатуға негіз болады. Келісімнің нақты шарттары құпия болып қалады.Министрлік Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторы саналатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы – Argentem Creek Partners өкілінің пікірін жариялады.Сондай-ақ Қазақстанның әділет министрі Азамат Есқараев та пікір білдірді."Ұзақ дау аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы дамытуға, оның ішінде инвестиция тартуға қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Бұл ретте реттеу шеңберінде республикалық бюджеттен қаражат пайдаланылмады", - деді министр.Еске сала кетейік, Стати ісі 14 жылға созылды. Молдовалық бизнесмендер Анатол Стати және оның ұлы Габриэль Стати 2010 жылы Қазақстанды сотқа берген.Олар Швеция сотында Қазақстаннан 4 миллиард доллар талап етті, бірақ оларға 500 миллион доллар берілді, оның 199 миллион доллары Статидің Боранкөл газ өңдеу зауытының құрылысына жұмсаған шығыны болуы мүмкін.Кейінірек АҚШ-та жеке сот талқылауы арқылы алынған құжаттардың арқасында Қазақстанда Стати шағымының ірі алаяқтыққа негізделгені туралы дәлелдер пайда болды.2013 жылдың желтоқсанында Халықаралық сауда палатасының Стокгольм төрелігі Қазақстан Республикасына қарсы шешім шығарды.2023 жылы Швецияның Жоғарғы соты Қазақстан Ұлттық банкінің апелляцияға беру құқығынан бас тартты. Республика бұл шешімге екі рет шағым түсірмек болды, бірақ нәтиже болмады. 2017 жылы сот шешімін орындау науқаны аясында Ұлттық қордың қаражатына бұғау салынды.Басқа да соттар болды, 14 жылдан кейін іс ақыры аяқталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/136/39/1363989_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_951fd5113852ca15c9c44a3018e21633.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
стати
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және Стати тараптары мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтады, деп хабарлады Әділет министрлігі.
Қол қойылған Түпкілікті реттеу туралы келісім барлық дауды болашақта қайта бастау құқығынсыз тоқтатуға негіз болады. Келісімнің нақты шарттары құпия болып қалады.
Министрлік Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторы саналатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы – Argentem Creek Partners өкілінің пікірін жариялады.
"Барлық тарап үшін әділ шешім іздеу мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған тәсіл елде инвестордың құқығы сақталатынын көрсетеді. Біз президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы түсінігін өзгертудегі көшбасшылығы үшін алғыс айтамыз. Біз болашақта жаңа жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігін асыға күтеміз", - деді Дэниел Чапман.
Сондай-ақ Қазақстанның әділет министрі Азамат Есқараев та пікір білдірді.
"Ұзақ дау аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы дамытуға, оның ішінде инвестиция тартуға қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Бұл ретте реттеу шеңберінде республикалық бюджеттен қаражат пайдаланылмады", - деді министр.
Еске сала кетейік, Стати ісі 14 жылға созылды. Молдовалық бизнесмендер Анатол Стати және оның ұлы Габриэль Стати 2010 жылы Қазақстанды сотқа берген.
Олар Швеция сотында Қазақстаннан 4 миллиард доллар талап етті, бірақ оларға 500 миллион доллар берілді, оның 199 миллион доллары Статидің Боранкөл газ өңдеу зауытының құрылысына жұмсаған шығыны болуы мүмкін.
Кейінірек АҚШ-та жеке сот талқылауы арқылы алынған құжаттардың арқасында Қазақстанда Стати шағымының ірі алаяқтыққа негізделгені туралы дәлелдер пайда болды.
2013 жылдың желтоқсанында Халықаралық сауда палатасының Стокгольм төрелігі Қазақстан Республикасына қарсы шешім шығарды.
2023 жылы Швецияның Жоғарғы соты Қазақстан Ұлттық банкінің апелляцияға беру құқығынан бас тартты. Республика бұл шешімге екі рет шағым түсірмек болды, бірақ нәтиже болмады. 2017 жылы сот шешімін орындау науқаны аясында Ұлттық қордың қаражатына бұғау салынды.
Басқа да соттар болды, 14 жылдан кейін іс ақыры аяқталды.