https://sputnik.kz/20241218/bilet-tabylmasa-vagonnan-vagonga-auysyp-zhuruge-bolady-49370612.html
Билет табылмаса, вагоннан вагонға ауысып жүруге болады
Билет табылмаса, вагоннан вагонға ауысып жүруге болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда бір пойыздың ішінде вагоннан вагонға ауысуға мүмкіндік беретін билеттер сатып алуға болады, деп хабарлайды Sputnik... 18.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-18T19:01+0500
2024-12-18T19:01+0500
2024-12-18T19:01+0500
пойыз
билет
теміржол билеті
https://sputnik.kz/img/657/15/6571559_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_fa8a7fc3ea6f2d007e6b599639f174e4.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда бір пойыздың ішінде вагоннан вагонға ауысуға мүмкіндік беретін билеттер сатып алуға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жаңа бастама неміс мамандарымен бірлесіп іске қосылды. Оған сәйкес, пойызбен белгілі бір жерге апаратын билет болмаса, вагоннан вагонға ауысып жетуге болады.Қызметті пайдалану тәртібі:"Мәселен, жолаушы 28 желтоқсан күні "Астана-Алматы" бағытына билет сатып алуды жоспарлайды. Алайда бұл бағытта орын болмаған жағдайда жолаушы әуелі "Астана-Ағадыр" бағытына билет сатып алып, кейін "Ағадыр-Алматы" бағытына сол пойыздың басқа вагонынан билет рәсімдей алады", - дейді мамандар."Вагоннан вагонға ауысу" қызметі жолаушыға бір пойызда орын ауыстырып, екі бөлек билет арқылы баратын жерге жетуге мүмкіндік береді.Айта кетері, бұған дейін іске қосылған "Пойыздан пойызға ауысу" қызметі жоғары сұранысқа ие болды. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/657/15/6571559_50:0:1383:1000_1920x0_80_0_0_236aa28a5ccc480d04346d11bfdfe765.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, билет, теміржол билеті
пойыз, билет, теміржол билеті
Билет табылмаса, вагоннан вагонға ауысып жүруге болады
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда бір пойыздың ішінде вагоннан вагонға ауысуға мүмкіндік беретін билеттер сатып алуға болады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жаңа бастама неміс мамандарымен бірлесіп іске қосылды. Оған сәйкес, пойызбен белгілі бір жерге апаратын билет болмаса, вагоннан вагонға ауысып жетуге болады.
Қызметті пайдалану тәртібі:
Жолаушы bilet.railways.kz сайтына кіреді;
Бағыт пен сапар күнін таңдайды;
Тікелей билет болмаған жағдайда, жүйе автоматты түрде "пойыз+пойыз" немесе "вагон+вагон" ауысу қызметтерін ұсынады;
Балама нұсқаларды қарау үшін "Вагоннан вагонға ауысу" бөлімін таңдау қажет;
Ұсынылған нұсқалардың ішінен бір пойыз аясындағы қолайлы билет нұсқасын таңдайды.
Билетті рәсімдеу үшін жолаушы қажетті жеке ақпаратты толтырады.
"Мәселен, жолаушы 28 желтоқсан күні "Астана-Алматы" бағытына билет сатып алуды жоспарлайды. Алайда бұл бағытта орын болмаған жағдайда жолаушы әуелі "Астана-Ағадыр" бағытына билет сатып алып, кейін "Ағадыр-Алматы" бағытына сол пойыздың басқа вагонынан билет рәсімдей алады", - дейді мамандар.
"Вагоннан вагонға ауысу" қызметі жолаушыға бір пойызда орын ауыстырып, екі бөлек билет арқылы баратын жерге жетуге мүмкіндік береді.
Айта кетері, бұған дейін іске қосылған "Пойыздан пойызға ауысу" қызметі жоғары сұранысқа ие болды. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.