https://sputnik.kz/20241218/aqmola-oblysynda-qytaylyq-kompaniya-bidaydy-teren-ondeytin-kasiporyn-salady-49371293.html
Ақмола облысында қытайлық компания бидайды терең өңдейтін кәсіпорын салады
Ақмола облысында қытайлық компания бидайды терең өңдейтін кәсіпорын салады
Sputnik Қазақстан
Жоба аясында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады 18.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-18T20:05+0500
2024-12-18T20:05+0500
2024-12-18T20:55+0500
ақмола облысы
бидай
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228684_0:425:2130:1623_1920x0_80_0_0_11754728b6b9ac47acf28ed20b474d8a.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Group холдингі басшылығымен бидайды терең өңдеу кәсіпорнын салу мәселесін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Қытайлық көпсалалы Dalian Hesheng Holdings компаниясы бидайды өңдеу және ашыту саласындағы технологиялық патенттің иегері саналады және озық цифрлық технологияларды пайдаланады.Алғашқы кезеңде қайта өңдеу қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін өсу перспективасымен 1 млн тоннаны құрайды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.Жобада көмір жылу электр стансасы мен көмір химиясы кешенінің құрылысы да қарастырылған. Көмірді қайта өңдеу нәтижесінде жылына 150-400 мың тонна сұйық аммиак алынады деп жоспарлануда.Жалпы, жаңа агрожобаны іске асыру мультипликативті әсер береді, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға ықпал етеді, сондай-ақ логистика және сауда секілді еншілес салалардың дамуына серпін береді.Премьер-министр астық жинауда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуді ескере отырып, бидайды қайта өңдеуді белсенді түрде арттырудың маңызды екеніне тоқталды.Dalian Hesheng қытайлық компаниялар тобы басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан зауыттың құрылысын 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228684_0:225:2130:1823_1920x0_80_0_0_9feb5ec1911d898841cb1081d92a903b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, бидай
Ақмола облысында қытайлық компания бидайды терең өңдейтін кәсіпорын салады
20:05 18.12.2024 (жаңартылды: 20:55 18.12.2024) Жоба аясында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Group холдингі басшылығымен бидайды терең өңдеу кәсіпорнын салу мәселесін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қытайлық көпсалалы Dalian Hesheng Holdings компаниясы бидайды өңдеу және ашыту саласындағы технологиялық патенттің иегері саналады және озық цифрлық технологияларды пайдаланады.
"Ақмола облысында бидайды тереңдете өңдеу бойынша тігінен кіріктірілген өнеркәсіптік парк құрылысының жаңа инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде инвестиция көлемі $500-800 млн-ды құраса, жобаны іске асырудың екінші және үшінші кезеңдері тағы $1 млрд-қа бағалануда", - деп жазылған хабарламада.
Алғашқы кезеңде қайта өңдеу қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін өсу перспективасымен 1 млн тоннаны құрайды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Жобада көмір жылу электр стансасы мен көмір химиясы кешенінің құрылысы да қарастырылған. Көмірді қайта өңдеу нәтижесінде жылына 150-400 мың тонна сұйық аммиак алынады деп жоспарлануда.
Жалпы, жаңа агрожобаны іске асыру мультипликативті әсер береді, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға ықпал етеді, сондай-ақ логистика және сауда секілді еншілес салалардың дамуына серпін береді.
Премьер-министр астық жинауда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуді ескере отырып, бидайды қайта өңдеуді белсенді түрде арттырудың маңызды екеніне тоқталды.
"Қазақстан – аграрлық секторы дамыған ел. Біз қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыруға ұмтыламыз. Бұл – біздің еліміз үшін басым бағыт. Үкімет өндірісті локлизациялауға және озық технологияларды трансферттеуге бағытталған", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Dalian Hesheng қытайлық компаниялар тобы басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан зауыттың құрылысын 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.