Әлиев: Францияның Арменияға қару жеткізуі Әзербайжанға қауіп төндіреді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуАрхивное фото президента Азербайджана Ильхама Алиева
Архивное фото президента Азербайджана Ильхама Алиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Sputnik үшін "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселевке сұхбат берді.
Ол Баку Арменияның АҚШ-тағы одақтастарына Ереванды қаруландыруды тоқтату керектігін жеткізгенін баса айтты.
"Армения Әзербайжанмен қарулану жарысынан жеңіс таппайды. Бұған қоса, Ереван АҚШ пен Францияның өзіне "жердегі қақтығыста" көмектеспейтінін түсінуі керек", - деді ол.
Ол сонымен қатар Арменияның ҰҚШҰ құрамындағы орнына қатысты пікір білдірді.
"Армения қайда бара жатқанын түсінеді... Олар мемлекеттік департаменттен рұқсат қағазын алған бойда бірден кетеді. Оның формальды түрде кетпеуінің бірден-бір себебі – осы", - деді Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.
Интервью президента Азербайджана Ильхама Алиева гендиректору МИА Россия сегодня Дмитрию Киселеву
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2024
Видео
Ильхам Әлиев Дмитрий Киселевке сұхбат берді - видео
Жаңалықтар
0